Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент Ұлттық Банк төрағасының орынбасарын тағайындады

Президент  Ұлттық Банк төрағасының орынбасарын тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары тағайындалды.

Ол қызметті енді Бинұр Жәленов атқарады, деп хабарлайды Ақорда. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Бинұр Мұратұлы Жәленов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда сайтында жарияланған құжата.

Бинур Жәленов еліміздегі цифрлық қаржы саласындағы негізгі сарапшылардың бірі ретінде танымал. Оның басшылығымен цифрлық теңгені енгізу және Ұлттық төлем жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бинур Жәленов 1993 жылы 19 қаңтарда Семей қаласында дүниеге келген.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін 2010-2014 жылдары "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" мамандығы бойынша бітірген. Кейін Нью-Йорк университетінде 2019-2021 жылдары ақпараттық жүйелер магистрі/бизнес әкімшілігі магистрі (MBA) дәрежесін алған. 2022 жылы Кембридж университеті Бизнес мектебінің "Cambridge FinTech and Regulatory Innovation" бағдарламасы бойынша білім алған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын ол 2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Электрондық коммерция орталығы" ЖШС-де IT-консультант болып бастаған. Содан кейін:

2015-2018 жылдары "Isker Akparat" ЖШС-де менеджер, даму директоры және бас директордың орынбасары;

2019-2020 жылдары Нью-Йорк университетінің Курант математика институтында зерттеу ассистенті;

2020 жылы IBM IX компаниясында технологиялық стратегия бойынша консультант;

2019-2021 жылдары қашықтықтан Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі;

2021-2023 жылдары Ұлттық банктің "Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы" АҚ төрағасы;

2023 жылғы 2 ақпанда – 2023 жылғы 8 тамыз аралығында Ұлттық банктің "Қазақстандық банктер аралық есеп айырысу орталығы" РГП директоры;

2023 жылғы 8 тамыз – 2024 жылғы 9 қыркүйек аралығында Ұлттық банктің "Ұлттық төлем корпорациясы" АҚ төрағасы;

2024 жылғы қыркүйектен бастап жаңа тағайындауға дейін – Ұлттық банктің цифрлық трансформация жетекшісі және төрағаның кеңесшісі.

Ұқсас материалдар