
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен 2025 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиында еліміздің 2024 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер тұжырымдалады.
Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов және облыс әкімдері есеп береді.
Отырыс сейсенбі күні өтеді. Еске салайық, өткен жылғы кеңейтілген отырыс алдында Тоқаев үкіметті отставкаға жіберген болатын.