Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымын $2 млрд.жеткізу мүмкіндігі бар
2023 жылы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы $1,3 млрд құрады. Бұл туралы екі ел үкіметінің басшылары Олжас Бектенов пен Ақылбек Жапаровтың Бішкектегі кездесуі кезінде белгілі болды, деп хабарлады kg.akipress.org
Қырғыз премьерінің сөзінше 2023 жылы тауар айналымы 2022 жылмен салыстырғанда 11,6% өскен. Экспорт $455,7 млн, импорт - $862,2 млн құраған. Бұл әлеует сақталса биыл $2 млрд.жеткізу мүмкіндігі бар.
Қазақстан Үкіметінің басшысы өз кезегінде екі жақты серіктестікті тереңдетіп, бұған дейін қол жеткізген келісімдерді орындау маңызды екенін атап өткен.
Айта кетейік, Олжас Бектенов 9 сәуір күнің Қырғызстанға жұмыс сапарымен барып, Садыр Жапаров пен Ақылбек Жапаровпен кездесті.
Сапар барысында Қырғыз президентінің 18-19 сәуірде Қазақстанға келетіні белгілі болды.
Бұған дейін Олжас Бектеновтың жетекшілігімен Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысы өткенін хабарлаған едік.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан мен ШҰАА арасындағы тауар айналымы 17,67 млрд долларға жетті
- 09 желтоқсан, 2024