Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – 2018 жылдың тамызында белсенді шағын кәсіпорындардың жалпы саны 150,2 мыңды құрады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Еліміздегі шағын бизнестің белсенділігі соңғы 5 жылда оң өзгерістерді қалыптастырды. Мысалы, 2013 жылғы тамызда шағын белсенді кәсіпорындар саны 102,5 мың, 2015 жылғы тамызда — 121,3 мың, ал 2017 жылғы тамызда — 135,4 мың кәсіпорынды құраған.
Белсенді шағын кәсіпкерлік нысандардың санының орташа жылдық өсуі (тамыздың мәліметтері бойынша) 8%-ды құрайды. Еліміз бойынша шолу жасасақ, Алматы бұрынғыдай шағын кәсіпкерліктің негізгі шоғыры болып табылады, яғни 33,8 мың бірлік (бір жыл бұрын - 31,3 мың бірлік).
Елордада 25,3 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі бар (бір жыл бұрын - 16,2 мың бірлік). Өңірлік көшбасшылардың үштігінде Қарағанды облысы орналасқан, онда белсенді шағын заңды тұлғалардың саны 10,6 мың бірлікті (бір жыл бұрын-10,4 мың бірлік) құрайды.
Аталған үш өңірде еліміз бойынша жұмыс істеп тұрған барлық шағын бизнестің жартысына жуығы — 46,4% немесе 69,7 мың кәсіпорын шоғырланған. Қазақстандық шағын бизнес бұрынғысынша қызметтің үш ірі салаларында шоғырланады. Олар көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу — 35,9 мың компания (үлесі — 23,9%), білім беру — 14,8 мың (үлесі — 9,9%) және құрылыс — 14,5 мың (үлесі — 9,7%).
Сонымен қатар, қызмет көрсетудің ең қарқынды дамып келе жатқан салалары тұрғын үй және азық-түлік қызметтері болып табылады. Бұл екі салада 2,8 мың шағын кәсіпорын бар.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет.