Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – 6 қазанда Алматыда Fashion Park фестивалі өтеді.
Фестиваль аясында қонақтарды қазақстандық дизайнерлерден жеңілдіктер мен шоу-бағдарламалар күтеді. Ariana J бренді күзге арналған эксклюзивті капсула пальтосын көрсететін болады, ал 12pm маркасы балалар киімі коллекциясының дефилесін өткізеді.
Fashion Park фестивалінің ұйымдастырушылары мен дүкен иелері - қазақстандық бизнесмендер Әлия Әбдібайітова мен Жанар Сүлейменова. Жоба авторларының айтуынша, қазақстандық сатып алушы кез келген жағдайда ұтады. Себебі, адамдар қазақстандық дизайнерлердің немесе еуропалық брендтердің эксклюзивті коллекцияларын қол жетімді бағада ала алады.
Fashion Park фестивалі екі киім дүкеннің аумағында өтеді. Бірі - Fashion Park желісінің қазақстандық дизайнерлерінің дүкені. Мұнда BRU, Janelle, AR Selection, Bahmali, Kiori, SVeeter және т.б. отандық брендтердің заттарын сатып алуға болады. Екіншісі - еуропалық және американдық киімдер мен аяқ киімдердің алғашқы мультибрендік жеңілдік орталығы Red Park. Екі дүкен де 1000 шаршы метр аумақта, Достық даңғылы 40 мекен-жайында орналасқан.