Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

Қазақстандықтар еліміздің 11 үздік әлеуметтік кәсіпкерін таңдады

Қазақстанның он бір үздік әлеуметтік кәсіпкері "Ozgeris Ustasy"жүлдесімен марапатталып, 500 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жеңімпаздар "Ozgeris Ustasy"әлеуметтік кәсіпкерлігін ілгерілету мен дәріптеуге қосқан үлестері атап өтілген салтанатты марапаттау рәсіміне қатысты. Рәсім, байқаудың өзі сияқты, онлайн форматта өтті, оған кез-келген адам қатыса алды. Биылғы жылы конкурсқа бүкіл Қазақстаннан барлығы 44 өтінім келіп түсті. 

Рәсім мен конкурс онлайн форматта өтті, оған кез-келген адам қатыса алды. Биылғы жылы байқауға бүкіл Қазақстаннан 44 өтінім берілді.Бірінші кезеңде сараптау комиссиясы 25 финалистті іріктеп алды. Негізгі өлшемдер өлшенетін әсер (әлеуметтік әсер) және қаржылық тұрақтылық болды.

Ал жеңімпаздар ашық қоғамдық дауыс беру арқылы анықталды. 

Әлеуметтік кәсіпкерлік Қазақстанда салыстырмалы түрде жаңа бағыт, бірақ бүгінгі күннің өзінде біздің нарықта мықты, орнықты жобалар пайда болуда. Бұған дауыс беруге қатысқан әрбір қазақстандық өзі көз жеткізе алды. 

"Финалистерді анықтау оңайға тиген жоқ, себебі әрбір өтініш беруші шын мәнінде ізгі игі іс жасауда, бұл ретте белгілі бір өзекті әлеуметтік проблеманы шешуге үлес қоса отырып, сонымен қатар табыс табуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беретін қызықты бизнес үлгілер көп болды. Жеңімпаздарды таңдау ісін біз қоғамға сеніп тапсырдық. Бұл көптеген адамдарға финалистердің ерекше жобаларымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Біз жүлдені екінші рет өткізіп отырмыз. Біздің қатысушыларымыздың кәсіпқойлығы мен Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын зор қуанышпен байқадық" - деп Impact Hub Alamaty басшысы Индира Шах өз әсерімен бөлісті. 

Биыл жүлде екінші рет беріледі. Ұйымдастырушылар қатысушылардың кәсіпқойлығының артқанын, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікке қызығушылықтың артып келе жатқанын үлкен қуанышпен атап өтеді.

"Жүлденің мақсаты - Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару, осы саланың көрнекті мамандарының еңбегін қоғамның мойындауына ықпал ету. Әлеуметтік кәсіпкерлер дегеніміз қоғам үшін маңызды мәселелерді шешетін, сонымен қатар өзара тиімді бизнес моделін құра алатын адамдар. Әлеуметтік проблемаларға ұқыпты, құрметпен қарайтын адамдар мен олардың креативті шешімдерін көрсеткіміз келеді. Ел өзініңқаһармандарын білуі керек, мүмкін олардың істеріөзгелерге үлгі болар", -деді марапаттау рәсімінде ImpactHubAlamaty бағдарламалық менеджері Фарида Наврузбекова.

Биылғы жылы «үздіктің үздігі» болып келесі ұйымдар атанды: 

  • Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «нөл қалдық» концепциялы HelloEco Экодүкені, «Greenup kz» Қоғамдық қоры;
  • Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып  ULY DALA компаниясы мен «Трансформа» мәдени кеңістік атанды;
  • Осал топтарға қолдау көрсету саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып «Луч Света» аутизм және басқа да даму ерекшеліктері бар балаларға көмек беру қоры» Қоғамдыққоры, Розалия и Эмир жекеменшік қоры аутизм және сөйлеу коррекциясы Коррекциялық Орталық, Гүлмира Уәлихан Құрақ дәстүрлі қолөнер Студиясы, «Дошкольная организация Страна чудес» ЖШС, «Рудненское городское добровольное общество инвалидов» Қоғамдық бірлестігі атанды;
  • Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі болып   «Qareket Жақсылық жаса» Қоғамдық қоры атанды;
  • Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында COVID-19 пандемиясының сын-қатерлерін шешуге арналған инновацияның ең жақсы үлгісі  болып «Іскерлікке демеу» Қоғамдық қоры атанды.

"OzgerisUstasy"жүлдесі 2019 жылы құрылды және бүгін ImpactHubAlmaty мен Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен "Шеврон"корпорациясының серіктестігінде өткізіледі.

"Біздің компания Жүлдені ұйымдастыруға қуана қатысты, өйткені әлеуметтік белсенді азаматтық қоғам өңірде қолайлы бизнес ортаны құруға көмектеседі. Біз Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлерін қолдауға қуаныштымыз және олардың кәсіпорындарының табысты дамуына үміттенеміз", - деді Жүлдені ұйымдастырушылардың бірі, Қазақстанда "Шеврон" корпорациясының әлеуметтік инвестициялар бойынша супервайзері Лейла Айтмуханова. 

"Біз бес жылдай әлеуметтік кәсіпкерлікті жамытумен айналысып жатырмыз және COVID-19 пандемиясы кезінде қоғам мен бизнестің оған қалай шыдап, қалай сезінгендерін, кейде шын мәнінде инновациялық амалдардың қолданылғанын өз көзімізбен көрдік. Бұл бүкіл бизнес үшін, әлеуметтік кәсіпкерлер үшін де қиын кезең. Біреулер бейімделе алды, біреулер бизнес моделін тіптен бұрып жаңа бығыттар ашты. Бұл бізді «Әлеуметтік кәсіпкерлер арасында Сovid-19 пандемиясының сын - қатерлерін шешуге бағытталған инновацияның үздік үлгісі" атты номинацияны ұйымдастыруға шабыттандырды» - деді Қазақстандағы Еуразия Орталық Азия қорының бағдарламалар директоры Айгуль Тагатова.

 "Біз салыстырмалы түрде жас жобамыз. Жүлде туралы бізге таныстарымыз айтып берді, әрине, біз өтінім беруге асықтық. Өйткені, бұл адамдарға біз насихаттайтын идеяның маңыздылығы туралы жеткізу мүмкіндігі. (Жеңімпаз жобаның қысқаша сипаттамасы). Жеңіске өте қуаныштымыз және барлық ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз", - деп Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің үздік үлгісі номинациясының жеңімпазы, «Трансформа» мәдени кеңістігінің директоры Анна Суворова өз ойымен бөлісті.

Анықтама:

ImpactHubAlmaty (IHA) - Қазақстандағы әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуға толық қолдау көрсететін бірегей платформа. Платформа Chevron компаниясының және Орталық Азияның Еуразия Қорының қолдауымен құрылды. Әлемнің 5 құрлығында 16 000-нан астам мүшесі бар 100-ден астам хабтан тұратын ImpactHubNetwork жаһандық желісінің бір бөлігі бола отырып, IHA коворкингке, іс-шараларға арналған кеңістікке, акселерация бағдарламаларына, тәлімгерлерді оқыту мен қолдауға, Алматы қаласы мен Қазақстанның әлеуметтік және шығармашылық кәсіпкерлерінің инновациялық қоғамдастығына қолжетімділікті ұсынады.

"Шеврон" Қазақстандағы жетекші жеке мұнай өндіруші компания болып табылады және елдің екі ірі кен орны – Теңіз және Қарашығанақта акциялар пакеттеріне ие. Корпорация сонымен қатар Каспий құбыр консорциумының ірі жеке акционері болып табылады, сондай-ақ Атырауда полиэтилен құбырлары зауыты мен құбыр арматурасы зауытының қызметін табысты басқарады.

Компания сондай-ақ сервистік және әлеуметтік инфрақұрылым құру, денсаулық сақтау және білім беру объектілерін жарақтандыру, осал топтармен жұмыс істеу бағдарламаларын қолдау, білім беруді дамыту, экологиялық, әлеуметтік және креативті кәсіпкерлікті дамыту тәрізді бағыттарда елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына белсенді қатысады. 

Орталық Азияның Еуразия қоры (ОАЕҚ) - аймақта 2005 жылы құрылған қоғамдық ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту және азаматтық және экономикалық әл-ауқатты арттыру арқылы азаматтарға өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады. ОАЕҚ бағдарламалары туралы толық ақпаратты http://www.EF-ca.kz сайтында алуға және қамқоршылар кеңесі мүшелерінің тізімімен танысуға болады.

Ұқсас материалдар