Алматы. 1 қараша. 7kun.kz – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Сбербанк России» ЖАҚ-қа 371,4 млн АҚШ доллары сомасындағы қарызын мерзімінен бұрын толық өтеді, - деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Компанияның борыштық жүктемесін азайту жөніндегі стратегиясы шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК 2018 жылдың 29 қазанында жеке бос ақша қаражаты есебінен, соның ішінде активтерді сатудан түскен қаржы есебінен қарызды толық өтеген.
«Сбербанк России» ЖАҚ-тан алынған 400 миллион АҚШ доллары сомасындағы қарызды «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ «Шымкент мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау және жаңғырту» жобасын қаржыландыру мақсатында 2014 жылы алған болатын.
«ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ 2017 жылы ҚМГ-ге қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алаш қозғалысы тарихына қатысты архив материалдары жинақ болып шықты
- 15 желтоқсан, 2024
Биыл 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасын енгізу жоспарланған
- 12 желтоқсан, 2024