"Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", деп жазды Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.





