Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды

Руслан Желдібай Президенттің кеңесшісі –  Баспасөз хатшысы болып тағайындалды
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.

Ол бұған дейін атқарып келген Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

Руслан Сұлтанұлы Желдібай 1989 жылы дүниеге келген.

2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы  Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.

2011-2012 жж. – «Қазақстан» ұлттық телеарнасында редактор;

2012-2018 жж. – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;

2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;

2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті  төрағасының орынбасары;

2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;

2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;

2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;

2023 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

2023 жылы 1 қыркүйектен бері Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келді.  

Айта кетейік, бұған дейін Президенттің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы қызметін атқарып келген Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

Ұқсас материалдар