Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Үш жылда 800 млн: «Самұрық-Қазына» төрағасының кірісі

Үш жылда 800 млн: «Самұрық-Қазына» төрағасының кірісі

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022-2024 жылдар аралығында 800 миллион теңгеден астам табыс тапқан.

Бұл деректер қор топ-менеджерлерінің кірістері туралы жарияланған ақпаратта көрсетілген.

Декларацияға сәйкес, 2024 жылы Жақыповтың жеке табысы 197,2 млн теңгені құраған. 2023 жылы ол 186,5 млн теңге, ал 2022 жылы 422,1 млн теңге табыс тапқан. Осылайша, ең жоғары көрсеткіш 2022 жылға тиесілі.

Сонымен қатар қордың басқа басқарушы құрамының да табыстары жарияланды. Даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директор Салтанат Сәтжан 2024 жылы 8,2 млн теңге табыс декларациялаған. Бұл қор басшысының табысынан 20 еседен астам аз.

Айта кетейік, бұған дейін «Самұрық-Қазына» тобының негізгі басқарушы қызметкерлері 2024 жылдың тоғыз айында жалпы 6,7 млрд теңге табыс тапқаны хабарланған болатын.

Ұқсас материалдар