Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шағын бизнеске берілетін банктік несиенің 9%-ын мемлекет субсидиялайды

Шағын бизнеске берілетін банктік несиенің 9%-ын мемлекет субсидиялайды

Премьер-министр Олжас Бектенов шағын бизнеске қаржылық қолдауды күшейту жоспарларын мәлімдеді.

Оның айтуынша, кәсіпкерлерге айналым қаражатын толықтырып, борыш жүктемесін азайту үшін банктік несиелердің шамамен 9%-ы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салықтық әкімшілендіру «таза парақтан» жүргізілетінін атап өтті. Бұл шаралар барлық микро және шағын бизнес субъектілеріне оң әсер етеді.

Бағдарлама негізінен моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық жерлерде жұмыс істейтін кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Олжас Бектенов тиісті нормативтік-құқықтық актілерді жедел қабылдап, ақпараттық жүйелердің дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ Үкімет басшысы бірыңғай бағдарламаның талаптары мен мүмкіндіктерін кәсіпкерлерге қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізіп, оны бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен түсіндіру қажеттігін айтты.

Ұқсас материалдар