Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Самұрық-Қазына» биыл 2 трлн теңге таза пайда тапты

«Самұрық-Қазына» биыл 2 трлн теңге таза пайда тапты

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының активтері 45 трлн теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10%-ға өсті.

Қор тобының жылдық түсімі 18 трлн теңгеден асса, таза пайдасы 2 трлн теңгені құрады.

Қор портфелінде жалпы құны 52 трлн теңгеге жуық 130-дан астам жоба бар. Олар энергетика, мұнай-газ химиясы, көлік және байланыс салаларын қамтиды. 2025 жылы 1,1 трлн теңгеден асатын 9 ірі жоба іске қосылды.

Биыл Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында 15 млрд доллардан астам келісім жасалды. Сонымен қатар АҚШ-та авиация, локомотив жасау және спутниктік байланыс жобалары бойынша, ал Жапониямен энергетика, цифрландыру және көлік салаларында 1,5 млрд доллар көлемінде келісімдерге қол қойылды.

Қор отандық бизнесті қолдауды жалғастырып, жергілікті тауар өндірушілерден сатып алу көлемін 2 трлн теңгеге жеткізді. Ішкі үлес 83%-ды құрады.

Ұқсас материалдар