Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шаруаларға арналған дизель нарықтан 15 пайызға арзан болады

Шаруаларға арналған дизель нарықтан 15 пайызға арзан болады

Көктемгі егін жұмыстары кезінде шаруаларға дизель отыны жанар-жағармай құю станцияларындағы нарықтық бағадан шамамен 15% арзан бағамен беріледі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.

Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын жеткізу кестесін бекіткен.

Министрдің айтуынша, шаруаларға арналған дизельдің қозғалысын ашық әрі бақылауда ұстау үшін бірқатар шара қабылданған. Атап айтқанда, әр партияға жеке ПИН-кодтар беріліп, дизель отыны сары, көк және қызыл түстерге боялған. Сонымен қатар электрондық шот-фактура жүйесінде дизельге арналған жеке виртуалды қойма құрылды. Бұл тәсіл мұнай жеткізушілердің отынды операторларға мақсатты түрде нақты жеткізуін қамтамасыз етеді.

Дизель жөнелту көлемі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдеріне, төлем жүргізуіне және вагондардың ұсынылуына байланысты болады.

Айта кетейік, 23 ақпандағы жағдай бойынша дизель отынының бағасы Астана қаласында литріне 327-333 теңге, Алматы қаласында 330–335 теңге, ал Шымкент қаласында шамамен 333 теңгеден сатылып жатыр.

Ұқсас материалдар