Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Шегірткеге қарсы күрес: 1,5 млн гектар алқап өңделді

Шегірткеге қарсы күрес: 1,5 млн гектар алқап өңделді

Еліміздің өңірлерінде шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жоспарға сай жалғасып жатыр.

29 маусымдағы мәлімет бойынша, болжанған 2,1 млн гектар жердің 1,5 млн гектары, яғни шамамен 70 пайызы өңделген.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, биыл жалпы 2,2 млн гектар алқапты өңдеу жоспарланған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға аз, оған өсімдіктерді қорғау жүйесінің жетілдірілуі мен алдын алу шараларының тиімділігі себеп болған.

Биыл зиянкестермен күрес жұмыстарын күшейту үшін қызметтерді сатып алудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, арнайы техникалар саны 556-ға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар фитосанитариялық қызметке 103 дрон сатып алынды. Оның 57-сі мониторинг жүргізуге, ал 46-сы химиялық өңдеу жұмыстарын атқаруға пайдаланылады.

Саланы цифрландыру бағытында FITOCENTRE мобильді қосымшасы іске қосылып, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымымен (FAO) бірлесіп жасанды интеллект пен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға негізделген жоба жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары Атырау және Маңғыстау облыстарындағы жұмыстарды бақылауда ұстап отыр. Өңірлердегі жедел штабтар штаттық режимде жұмысын жалғастырып, егіс алқаптарын қорғау шараларын үйлестіруде.

Ұқсас материалдар