Air Astana ұлттық әуе тасымалдаушысы директорлар кеңесінің құрамын жаңартты, деп хабарлады компания сейсенбі күні.
BAE Systems өкілі Майлз Сент Джон Весткотттың орнына тәуелсіз директор Дияс Асанов тағайындалды. Компанияның түсіндіруінше Весткотт әуе компаниясы басшылығынан 30 мамырда кеткен.
Асанов Қазақстандағы Siemens аймақтық компаниясының бас директоры және Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы Siemens Energy компаниясының бас кеңесшісі қызметтерін атқарады.
Осылайша, Air Astana директорлар кеңесінің жаңартылған құрамына тоғыз адам: төраға Нұрлан Жақыпов, басқарма мүшелері Айдар Рысқұлов («Самұрық-Қазына» АҚ акционерінің өкілі), Саймон Вуд («BAE Systems» акционерінің өкілі), Питер Фостер (Air Astana бас директоры) және тәуелсіз директорлар Елдар Әбдіразақов, Джанет Хэкман, Гарри Кингшот, Кит Габель және Дияс Асанов кіреді.