Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2026 жылдан бастап қайта бекітіледі

Сұйытылған мұнай газының шекті бағасы 2026 жылдан бастап қайта бекітіледі

 Қазақстанның Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасын қайта бекіту туралы бұйрық жобасын Ашық НҚА порталында көпшілік талқылауына шығарды.

Ведомство мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап сұйытылған мұнай газының көтерме саудадағы шекті бағасы бұрынғы деңгейде қайта белгіленбек.

«Бұл бұйрық жобасының негізгі мақсаты – ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау және сұйытылған мұнай газының үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету. Құжатты қабылдау әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық теріс салдарға әкелмейді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Жобаға сәйкес, шекті көтерме бағаны қайта бекіту шарасы ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған.

Құжат бойынша қоғамдық талқылау 2025 жылдың 25 қарашасына дейін жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі сұйытылған газды ел аумағынан экспорттауға салынған тыйымды тағы алты айға ұзарту туралы бұйрық жобасын да жария талқылауға шығарған болатын. Бұл шаралар газ тапшылығын болдырмау және ішкі нарықтағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданып отыр.

Ұқсас материалдар