Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Таяу Шығыстағы жағдай Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін айтты.

«Меніңше, ең басты факторлардың бірі ол әрине мұнай және мұнайдың бағасы. Қазіргі таңда өздеріңіз көріп отырсыздар, мұнай бағасы осы шиеленіс салдарынан өсіп жатыр. Brent-тің бағасы барреліне 76-77 доллар маңайында. Сондықтан біз мұнай экспорттаушы ел болғандықтан, бюджетімізге жалпы экспортымызға жақсы жағдай жасалуда. Бірақ та, ол құбылмалы. Сондықтан дәл осы сәтте экономикамызға жақсы. Соғыс – жаман құбылыс. Бірақ экономикамызды айтатын болсақ, әрине, қазіргі сәтте бізге оң әсер етуде», – деді Тимур Сүлейменов Сенат кулуарында.

Сөзінше, мұнайдың бағасы өскеннен кейін экспорт көлемі артады және Ұлттық қорға және бюджетке түсетін түсімдердің көлемі де артады.

Ұқсас материалдар