
Қазақстанда шетелдік интернет-компаниялардан түсетін қосылған құн салығы (ҚҚС) көлемі айтарлықтай артты.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, цифрлық сервистерге салық салу тетігі іске қосылғалы бері бюджетке 111,6 млрд теңге түскен.
Тек 2025 жылдың өзінде шетелдік платформалар 41,8 млрд теңге салық төлеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.
Салық төлеушілердің көшбасында:
-
Temu – 6,2 млрд теңге,
-
Valve – 5,3 млрд теңге,
-
Apple – 5,2 млрд теңге бар.
Жаңадан тіркелген компаниялар арасында Next Retail (283 млн теңге) және Alibaba.com (142 млн теңге) сынды сервистер айтарлықтай салық көлемін аударған.
Қазіргі таңда Қазақстанның салық жүйесіне 116 шетелдік интернет-платформа тіркелген. Олардың қатарын 2025 жылы тағы 18 компания толықтырды. Олардың ішінде OpenAI, Chess.com, Canva және ресейлік Окко платформалары бар.
Мемлекеттік кірістер комитеті бұл үрдіс бюджетті әртараптандыру мен цифрлық экономиканың салықтық реттелуінде оң қадам екенін атап өтті.