Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тоқаев 2026 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өтеді дегенді жоққа шығарды

Тоқаев 2026 жылы кезектен тыс президенттік сайлау өтеді дегенді жоққа шығарды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында 2026 жылы Біріккен Ұлттар Ұйы­мын басқаруы мүмкін, соған байланысты елімізде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді, деген қауесетті жоққа шығарды. 

"Мен Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдеріс­тердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін", деп жауап берді Президент журналистің сұрағына. 

Ұқсас материалдар