Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанда өткен халықаралық форумда жаһандық су мәселелерін шешу үшін мемлекеттердің ынтымақтастығын күшейту қажет екенін айтты.
Президенттің айтуынша, БҰҰ жүйесінде су проблемаларына толыққанды жауап беретін арнайы ұйым жоқ, сондықтан бұл олқылықты жедел толықтыру керек.
Тоқаев БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құруды ұсынып, UN-Water механизмін жеке агенттік немесе ұйым деңгейіне көтеру тиімді шешім болатынын атап өтті. Ол мұндай бастама орнықты даму мақсаттарына сәйкес келетінін және халықаралық қауымдастық үшін маңызды екенін айтты.
Келесі жылы Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитте Қазақстан жаһандық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультация процесін бастауға ниетті.
Президент форумның мүдделі елдер арасындағы серіктестікті нығайтып, әділетті әлемдік тәртіп орнатуға үлес қосатынына сенім білдірді. Жиынға Түрікменстан, Ресей, Түркия, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және бірқатар елдердің басшылары қатысты.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Алматыда испаниялық Joma 2026 жылы шығатын жаңа топтамасын таныстыруда
- 11 желтоқсан, 2025





