Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Тоқаев ПӘ Басшысының бірінші орынбасары лауазымы не үшін енгізілгені туралы айтты

Тоқаев ПӘ Басшысының бірінші орынбасары лауазымы не үшін енгізілгені туралы айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа тағайындалған Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарын қабылдады, деп хабарлады Ақорда. 

Президент кездесу барысында Дархан Сатыбалдының Түркістан облысында атқарған жұмысына жоғары баға берген. 
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары лауазымы басқару процесі мен аймақтар арасындағы ықпалдастықты жетілдіру, өзінің тапсырмалары мен шешімдерінің жергілікті жерде орындалу барысына бақылауды күшейту, сондай-ақ қабылданған шаралардың сапасын жақсартып, азаматтардың мемлекеттік институттарға сенімін нығайту мақсатында енгізіліп отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасарына нақты міндеттер жүктелді.

Ұқсас материалдар