Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Президент ​жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Президент ​жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нысанның қызметімен танысып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізеді.

Мемлекет басшысы көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты.  Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады.

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.

Одан кейін президент Шахмардан Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің аумағында орналасқан технология паркінің жұмысымен танысты.

Президентке технопарктің заманауи инфрақұрылыммен жасақталғаны жөнінде айтылды. Мұның бәрі стартаптар мен жобалар әзірлеумен айналысатын кәсіпкерлерді, студенттерді, сондай-ақ оқушыларды қолдауға арналған.

Мемлекет басшысына инновациялық зертханалар мен шеберханалар таныстырылды. Онда студенттер мен жас мамандар электроника, роботты техника, лазермен кесу, ағаш және металл өңдеу, полиграфия, 3D-дизайн, тігіншілік дағдыларын меңгереді.

Президент халықаралық бағдарлама бойынша ІТ-мамандарды даярлайтын оқу аймағын және цифрлық әрі телекоммуникациялық құзыреттерді дамытуға бағытталған зертхананы аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев студенттермен әңгімелесу барысында қазір жаңа технологиялар мен жасанды интеллект бағыттарын дамыту өзекті болып отырғанын жеткізді. Президенттің айтуынша, елімізде көлік-логистика саласының білікті мамандарына сұраныс жоғары. Мемлекет басшысы жастарды келешектің кепілі саналатын сапалы білім алуға шақырды.

Ұқсас материалдар