Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Түркияға бидай, жасымық және майлы дақылдар экспортталады

Түркияға бидай, жасымық және майлы дақылдар экспортталады

Премьер-министр бұл пікірді Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысында Түркияның вице-президенті Жевдет Йылмазбен кездескенде айтты.  

Қазақстан Түркияға бидай, жасымық және майлы тұқымдар экспорттай алады. 

– Ауыл шаруашылығы саласында оң динамика байқалып отыр. 2025 жылы агроөнеркәсіптік кешендегі тауар айналымы 25 пайыздан астам өсіп, 360 млн долларға жуықтады. Бұл бағытта агротехнологиялар мен сақтандыру саласында тәжірибе алмасылып жатыр, – деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы алдағы кезеңде тауар айналымын әртараптандыру, экспорт номенклатурасын кеңейту және қосылған құны жоғары бірлескен өндірістерді іске қосу маңызды екенін жеткізді. 

– Бидай, жасымық, жем, майлы тұқымдарын Түркияға экспорттауға мүдделіміз. Осыған байланысты уәкілетті органдарымызға Түркияның ветеринарлық және фитосанитарлық стандарттарына сәйкестік мәселелері бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынамын, – деді Олжас Бектенов. 

Ұқсас материалдар