Ең бастысы – президенттер Эмомали Рахмон мен Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы одақтастық қатынастар туралы шарт.
"Аталған тарихи құжат көкжиегімізді кеңейтіп, көпжақты байланыстарымызды одан әрі нығайтудың негізін қалайды. Одақтастық қатынастарды дамыту жолындағы бірлескен әрекетіміз тұтас Орталық Азия өңірінің орнықты дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, құрметті Эмомали Шарипович, қазақ-тәжік ықпалдастығын кеңейтуге елеулі үлес қосқаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Шуақты Душанбе қаласына келген сайын зор қуанышқа бөленемін. Әрдайым оң өзгерістерге куә боламын. Сіздің еліңізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформаларды ерекше ықыласпен бақылаймыз, жетістіктеріңізге куә болып отырмыз. Достас әрі одақтас ел ретінде бұған шын ниетімізбен қуанамыз",– деді Президент.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президентінің Тәжікстанға мемлекеттік сапары аясында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды:
1. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мен Тәжікстан Республикасының Орталық сайлау және референдум жөніндегі комиссиясы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрлігі арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Энергетика және су ресурстары министрлігі арасындағы мұнай-газ саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығын инновациялық және цифрлық дамыту, кадрларды даярлау және қайта даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Телевизия және радио комитеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
7. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Сәулет және құрылыс комитеті арасындағы құрылыс секторында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Азық-түлік қауіпсіздігі комитеті арасындағы ветеринария саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
9.Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жастар ісі және спорт комитеті арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықтың 2025-2027 жылдарға арналған бағдарламасы;
10. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Стандарттау, метрология, сертификаттау және сауда инспекциясы агенттігі арасындағы стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
11. Қазақстан Республикасы Алматы облысы әкімдігі мен Тәжікстан Республикасы Хатлон облысы мемлекеттік биліктің атқарушы органы арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум;
12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Атқару қызметі арасындағы сот актілері мен басқа органдардың актілерін орындау бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
13. «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы мен «Рохи охани Точикистон» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
14. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Тәжік сирек металдары» мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
15. «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тәжікстан жастар одағы» қоғамдық ұйымы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум
Тәжікстандық asiaplustj.info сайтының хабарлауынша бұл құжаттардан кейін екі елді одақтас деп те атауға болады.
Мұны екі мемлекет басшылары БАҚ өкілдері үшін брифингте атап өтті. Президенттердің айтуынша екі ел арасында ешқандай түйткілді мәселе жоқ.
"Мұны үлкен ықыласпен атап өттік. Өзара тиімді әрі жан-жақты серіктестікті арттыру үшін алдағы уақытта да барынша күш-жігер жұмсауға уағдаластық. Екіжақты сауда-саттық мәселесіне айрықша назар аударылды", деді ҚР Президенті.
Айта кетейік, кешегі инвестициялық форум қорытндысы бойынша тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізуге келісті.