УЕФА футболшыларға столдан демеушілердің бөтелкесін алып тастауға тиым салды
УЕФА Еуро-2020-ға қатысушы футболшылардан Роналдудың әрекетін қайталамауды өтінді, деп жазды Bloomberg.
Айта кетейік, Роналду баспасөз мәслихаты кезінде алдындағы Coca-Cola бөтелкесін алып тастап, орнына су қойған еді. Бұдан кейін Coca-Cola акциялары құлдырап кетті, деген ақпарат тарады. Алайда оның жалған екені, компания дивидент төлейтін күн болғандықтан қалыпты құлдырау екен айтылды.
Кейін Роналдудың әрекетін Мануэль Локателли де қайталаған.
Бұдан кейін УЕФА командалармен сөйлесіп, ойыншылар демеушілер алдындағы туринир ережесін сақтауы керектігін тапсырған. Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанса жеке ойыншыларға емес, ұлттық федерацияларға айыппұл салынады.
Еуро-2020 турнирінің директоры Мартин Каллен «бұл маңызды, өйткені демеушілердің табыс табуы турнир мен еуропалық футболға маңызды», деп мәлімдеген.
Ойыншы діни сеніммен ғана алдындағы алкогольді ішімдікті алып тастай алады. Айта кетейік, Роналдудан кейін баспасөз мәслихатында Поль Погба алдындағы сыра бөтелкесін столдан алып тастады. Өйткені ислам спирттік ішімдікке тиым салған.
УЕФО ойын өтетін 11 стадионның менеджерлеріне бұған қатаң мән беріп, мұсылман елдерінен клеген ойыншылардың алдына алкогольді ішімдік бөтелкелерін қоймау туралы тапсырған.