Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Украинаға көмектескен: «Яшкино», «Кириешки» брендтерінің иесі сотқа тартылып жатыр

Украинаға көмектескен: «Яшкино», «Кириешки» брендтерінің иесі сотқа тартылып жатыр

Мәскеудің Тверь соты KDV компаниясының үлескер иесі Денис Штенгелов пен оның әкесі Николайдың жалпы құны 500 млрд рубльден асатын мүлкін бұғаттады. Сондай-ақ оларға Ресейден уақытша шығуға тыйым салынды, деп хабарлады рсеейлік БАҚ.

Бұғатталған активтер арасында Штенгеловтердің жылжымалы және жылжымайтын мүлкі, «Яшкино» мен «Кириешки» брендтерінің иесі саналатын «Кондитерус ком» АҚ-дағы акциялары мен үлестері және KDV тобының тағы 57 компаниясы, соның ішінде «Долинск» банкі, «Футбол клубы Кузбасс (Кемерово)» ЖШС және «Футбол клубы KDV» ЖШС бар.

Сот 2025 жылғы 22 тамызда «ақпараттық материалдарды экстремистік деп тану» бабы бойынша талап-арызды тіркеді. Бас прокуратура сондай-ақ Штенгеловтерді «экстремистік бірлестік» деп танып, олардың мүлкін мемлекет кірісіне тәркілеуді талап етті.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Николай Штенгелов Украинадағы ұлттық батальондарға қаржылай көмек көрсеткен. Оның ұлы да Украина қарулы құрылымдарын азық-түлік жіберу арқылы қолдаған. 2022 жылдан бастап олар топтың шетелдегі қызметінен 21 млрд рубльден астам қаражат аударғаны талап-арызда көрсетілген.

KDV тобы «Яшкино», «Кириешки», «Три корочки», «Бабкины семечки», «Хрустящий картофель», Beerka, Krutonoff және басқа да маркалармен азық-түлік өнімдерін шығарады. 2021 жылы холдинг Unilever компаниясынан Calve және «Балтимор» маркаларының ресейлік өндірісін сатып алған. Топтың жалпы бағаланған құны — 497 млрд рубль, жылдық айналымы — 756 млрд рубль деп жазады РБК.

Ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, қазіргі кезде компанияда 39 000 адам жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда: 138 млрд рубль салық, алым мен баж төледік, бұл қаражат ел мен өңірлер бюджетіне түсті. 54 млрд рубль инвестиция салып, жаңа зауыттар, қоймалар, технологиялар, жұмыс орындарын аштық. Өнімдердің кең ассортименті 20-дан астам елде, ТМД-дан бастап Қытай, Вьетнам және БАӘ-ге дейін сатылады. Ресей біздің өнімдерден 1,84 млрд АҚШ доллары көлемінде валюталық табыс алды», делінген.

KDV тобының өнімдері Қазақстанда да сатылады. Әсіресе Яшкино өнімдерін көптеген дүкендерде кездестіруге болады. kdvonline.kz сайтына сүйенсек, «KDV Казахстан» ЖШС Павлодар қаласында тіркелген. Компанияның Владимир Сорин басқарады.

Ұқсас материалдар