Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс айтылды

Қызылордада өтіп жатқан V Ұлттық құрылтайдың алғашқы күнінде 200-ден астам ұсыныс көтерілді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, кеше құрылтай аясында төрт секцияның отырысы өтті. Талқылаулар барысында құрылтайдың 70-ке жуық мүшесі сөз сөйлеп, ел дамуына қатысты бірқатар бастама мен ұсыныс білдірген.

Мемлекеттік кеңесші былтыр Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың өңірлерді дамытуға айтарлықтай серпін бергенін атап өтті. Сол жиында айтылған ұсыныстар негізінде бірқатар нақты шешімдер қабылданған.

– Былтыр аймақтардың дамуына қатысты бірнеше маңызды бастама іске асты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму тұжырымдамасы қабылданды. Бұл құжаттың негізгі мақсаты – халықты базалық инфрақұрылыммен тең дәрежеде қамтамасыз ету. Сонымен қатар өңірлердегі негізгі мәдени-туристік іс-шаралардың тізбесі жасалды. Бұл – бір жыл ішінде атқарылған жұмыстардың бір бөлігі ғана, – деді Ерлан Қарин.

Оның сөзінше, Бурабайда көтерілген бастамалар мен ұсыныстарды іске асыру үшін құрылтай мүшелері секциялар мен жұмыс кездесулері аясында жүйелі талқылаулар жүргізген.

Ұқсас материалдар