
Google компаниясы iOS үшін YouTube қосымшасын жаңартты, енді ол Apple-дің бірқатар ескі құрылғыларында қолжетімсіз.
MacRumors ресми ақпаратқа жасаған сілтемесіне сүйенсек, YouTube-тың жаңа 20.22.1 нұсқасы құрылғыда iOS 16 немесе одан жоғары нұсқасының орнатылған болуын талап етеді. Бұл жаңартуларды ала алмайтын модельдерде қосымшаны іске қосу мүмкін болмайды деген сөз.
YouTube енді мына құрылғыларда жұмыс істемейді.
- iPhone 6s және 6s Plus
- iPhone 7 және 7 Plus
- iPhone SE (1-буын)
- iPod touch (7-буын)
- iPad Air 2
- iPad mini 4
Аталған iPhone пайдаланушылары YouTube видеоларын m.youtube.com мобильді нұсқасы арқылы қарай алады. Бірақ қосымшаның толық функциялары қолжетімді болмайды.
Бұл шешім жаңартылған YouTube қосымшасының техникалық талаптарының ескі құрылғылардың мүмкіндіктерінен асып түсуіне байланысты қабылданған. Демек, осындай модельдердің иелеріне не айналма жолдарды іздеуге, не заманауи құрылғыға ауысуға тура келеді.