Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Zeekr 7X шет мемлекеттер арасында бірінші болып Өзбекстанда ресми сатыла бастады

Zeekr 7X шет мемлекеттер арасында бірінші болып Өзбекстанда ресми сатыла бастады
Zeekr 7X электр кроссовері шет мемлекеттер арасында бірінші болып Өзбекстанда ресми түрде cатыла бастады. Zeekr 7X-ті Өзбекстанда 528 миллион сумнан (20 926 231,85 теңге) басталатын бағаға сатып алуға болады. Бұл туралы "Қытай автокөліктері" порталы хабарлады. 

Zeekr 7X Қытайда нарығына 2024 жылдың қыркүйегінде шығарылды және қазіргі уақытта бестселлердің бірі. Өз елінде бұл кроссовер 229,9-269,9 мың юаньға (16 208 330,44 - 18 742 468,37 теңге) бағаланды. Ішкі нарықта бұл модель тез арада бестселлерге айналды. Енді Zeekr 7X ресми түрде әлемдік нарыққа шығабастады, оның алғашқы сыртқы нарығы Өзбекстан болды.

Zeekr бренді Өзекстан нарығында 2024 жылдың маусым айынан бері бар.  Алғашқы кезде Zeekr 001 және Zeekr Х үлгісі сатылған.  Олардың қатарына қосылған Zeekr 7X үш жиынтықта ұсынылған. Олар Қытайдың ішкі нарығына арналған үлгілермен сәйкеседі.  
Көліктің шанағы көк, қоңыр, ақ, сарғыш, сұр, қара, жасыл түстерде, іші ақ-ақшыл, қара-сұр, қара түстерде сатылады. 

Zeekr қазіргі кезде ресми түрде Әзірбайжан, Қазақстан, Беларусь, Өзбекстанда сатылады. ТМД елдері арасында 2023 жылдың тамыз айында бірінші болып Қазақстан нарығына шықты. Бұл елдерде әзірге тек Zeekr 001 мен Zeekr X, ал Беларусь пен Әзірбайжанда бұларға қоса Zeekr 009 қана сатылымда.  Бұл 4 елдің ішінде ең қымбаты Беларусьте, ең арзаны Қазақстанда. 

Ұқсас материалдар