Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Zeekr Rolls-Royce Cullinan-мен бәсекелесетін кроссовер шығармақшы

Zeekr Rolls-Royce Cullinan-мен бәсекелесетін кроссовер шығармақшы
Geely компаниясы жаңа Zeekr EX1E жол талғамайтын көлігін шығаруды жоспарлауда. Бұл туралы Қытайдың ұлттық зияткерлік меншік басқармасы (CNIPA) жариялаған патенттік суреттерден белгілі болды. 

CarNewsChina басылымы Zeekr EX1E Rolls-Royce Cullinan-ға ұқсайтынын хабарлады. 

Айта кетейік, Zeekr 2021 жылы құрылған, Geely Group компаниясына тиесілі премиум электрокөлік бренді. Компания қазір бес түрлі үлгідегі:  001 лифтбек, 009 минивэн, X кроссовер және Zeekr 007 седан, минивэн Zeekr MIX-ті шығарады. Және биыл  Mix MPV минивэні мен Ark кроссоверін шығаруды жоспарлап отыр. Ал EX1E жол талғамайтын көлігі 2025 жылдың еншісіне қалады. 

Zeekr қазіргі кезде Қазақстанда ресми түрде сатылады. Алайда салонда тек Zeekr 001 мен Zeekr  X ғана бар. Қалған көліктердің қашан келетіні белгісіз. Алайда оларды сұр диллерлер арқылы сатып алуға болады.

Ұқсас материалдар