Нұр-Сұлтан. 26 мамыр. 7kun.kz - Халық кірісін арттыру бағдарламасы бойынша 850 мың бюджет қызметкерінің жалақысы өседі. Барлығы 1,1 миллионнан астам жұмысшының жалақысын көтеріледі. Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2025 жылға дейін дәрігерлердің жалақысы айына 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін, ал медицина қызметкерлерінің жалақысы 173-тен 250 мың теңгеге дейін өседі.
«Самұрық-Қазына» қоры қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі. Қордың ішкі резервінен қызметкерлердің кірісін арттыру жұмыстары жалғасады. Жыл соңына дейін тағы төрт кәсіпорында өндірістік қызметкерлердің жалақысы бестен 18 пайызға дейін өседі», – деді Үкімет басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, ол осы жылдың сәуір айынан бастап «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының өндірістік персоналының 258 мың адамы үшін еңбекақы 5-тен 48 пайызға өскенін айтты.