Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

15 наурыз жаңа Конституция күні ретінде белгіленеді

15 наурыз жаңа Конституция күні ретінде белгіленеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазмедиа орталығы студиясында жаңа Конституцияны қолдау бағытында жұмыс жүргізген жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы 15 наурыз енді Конституция күні ретінде аталып өтетінін мәлімдеді. Президенттің айтуынша, Қазақстанның негізгі заңы әлемдегі ең прогрессивті конституциялардың бірі саналады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жаз мезгілінде парламенттік сайлау өткізу жоспарланып отырғанын айтты. Президент сайлау ел бірлігі мен ұйымшылдығын көрсететін маңызды саяси науқан болуы тиіс екенін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі ұлттық референдумнан кейін жарияланған экзитпол нәтижелері түзетулерді қолдау деңгейінің жоғары екенін көрсеткен.
СОЦИС-А кешенді әлеуметтік зерттеулер институты жүргізген сауалнамаға сәйкес, қатысушылардың 87,4%-ы өзгерістерді қолдаған, ал дауыс беруге қатысу деңгейі 73,8% болған.

Сондай-ақ Еуразиялық интеграция институты өткізген экзитпол нәтижесінде 86,7% респондент Конституциялық өзгерістерді қолдайтынын білдірген.

Ал AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институты зерттеуіне сәйкес, түзетулерді қолдау деңгейі 88,6%, ал дауыс беруге қатысу көрсеткіші 72,1% болған. 

Ұқсас материалдар