Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгіленді

2025 жылы шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгіленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квотаны белгілеу туралы бұйрық жобасын әзірледі.

Жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,2% мөлшерінде;

еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3% мөлшерінде белгіленсін, – делінген құжатта.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Құжат келер жылдың 3 желтоқсанына дейін Ашық НҚА сайтында қоғам талқысына ұсынылды.

Айта кетсек, жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен ел аумағында 13 707 шетел азаматы еңбек етеді.

Ұқсас материалдар