Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады

208 мыңнан астам қазақстандық арнайы мемлекеттік жәрдемақы алады

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда 208 668 азамат арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуда.

Оларға жыл басынан бері 15,7 млрд теңге төленген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Арнайы мемлекеттік жәрдемақы 1999 жылдан бастап енгізілген және ол ел алдындағы ерекше еңбегі үшін немесе төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен азаматтарға республикалық бюджеттен төленеді.

Жәрдемақыға 17 санаттағы азаматтар құқылы. Олардың қатарында:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер,

  • қаза тапқан әскери қызметкерлердің отбасы,

  • "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алғандар,

  • тыл еңбеккерлері, Чернобыль апатына қатысқандар,

  • саяси қуғын-сүргін құрбандары,

  • мүгедектігі бар адамдар мен зейнеткерлер бар.

Төлем мөлшері санатқа қарай 2,13-тен 138,63 АЕК-ке дейін өзгереді. Ол жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсуіне сәйкес қайта қаралады.

Жәрдемақыға өтінішті eGov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына беруге болады.

Ұқсас материалдар