Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

4,3 мың шақырым автожол жөнделеді

 4,3 мың шақырым автожол жөнделеді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі елдегі жол саласының көктемгі құрылыс маусымына дайындығын талқылады.

Ведомство мәліметінше, биыл автожол инфрақұрылымын жаңарту аясында 4,3 мың шақырым жолды реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жоспарланған.

Кеңес барысында жол құрылысына қажетті материалдардың қоры қаралды. ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының дерегінше, қазіргі уақытта:

  • 3,1 млн м³ қиыршық тас,

  • 78,2 мың тонна битум,

  • 15,3 мың тонна темір-бетон бұйымдары,

  • 529 тонна минералды ұнтақ дайындалған.

Министрлік барлық ұйымдастыру жұмыстарын жедел аяқтап, құрылыс маусымын уақытылы бастау қажеттігін атап өтті.

Жол бойындағы сервис бақылауға алынды

Кеңесте жол бойындағы сервистің жағдайына ерекше назар аударылды. Тексеру барысында республикалық маңызы бар жолдардағы 684 санитарлық нысан қаралған. Нәтижесінде:

  • 13 нысанның жұмыс істемейтіні,

  • 69 дәретхананың санитарлық жағдайы талапқа сай емес екені анықталған.

Осыған байланысты жауапты ұйымдарға нысандарды қысқа мерзімде қалыпқа келтіру және қоғамдық бақылауды күшейту тапсырылды. Сондай-ақ қызметтік жауапкершілік те қаралып, кейбір басшылар тәртіптік жазаға тартылған.

Су тасқынына дайындық күшейтілді

Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық та назардан тыс қалмады. Қазірдің өзінде республикалық жолдарда 15 мыңнан астам су өткізгіш құбыр тазартылған.

Жол қызметтері жоғары дайындық режиміне көшірілді:

  • 2,1 мыңнан астам арнайы техника әзірленді;

  • төтенше жағдайларға арналған баламалы бағыттар айқындалды.

Министрлік мәліметінше, бұл шаралар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі кезеңде тәуекелдерді азайтуға бағытталған. 

Ұқсас материалдар