Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

5 жылдан кейін смартфондар өмірімізден жоғала ма?

5 жылдан кейін смартфондар өмірімізден жоғала ма?

Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алдағы бес жылда смартфондар тарих қойнауына кетеді деп есептейді.

Ол бұл туралы америкалық тележүргізуші Джо Роганға берген сұхбатында айтты.

Кәсіпкердің айтуынша, 2030 жылға қарай дәстүрлі смартфондардың орнын жасанды интеллектке (ЖИ) негізделген құрылғылар басады. Олар экран мен аудио жүйемен жабдықталған ақылды түйін түрінде болуы мүмкін.

«Қазіргі телефондар – тек радиомодульдері бар интерфейс. Нағыз «ақыл» – бұл жасанды интеллект сервері. Болашақта экран мен пернетақта қажет болмайды, себебі ЖИ адаммен тікелей байланысады», – деді Маск.

Оның пікірінше, алдағы уақытта жасанды интеллект пайдаланушылардың қалауын алдын ала болжай алады. Маск бұл технологиялар адам мен машина арасындағы шекараны жоятынын атап өтті.

Ұқсас материалдар