Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

АХҚО -да AIFC Business Club платформасы іске қосылды

АХҚО -да AIFC Business Club платформасы іске қосылды

АХҚО-да өтіп жатқан Astana Finance Days жыл сайынғы қаржы конференциясының аясында AIFC Business Club іске қосылды. Бұл топ-менеджерлерді, компания иелерін, озық бизнес-көшбасшыларды және инвесторларды біріктіретін ниеттестердің бірегей қауымдастығы. 

Клуб AFD2024 аясында ұйымдастырылған, 60-тан аса бизнес өкілдері жиналған іскерлік таңғы ас барысында іске қосылды. 

«Бұл бастаманың мақсаты қазақстандық және халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасу алаңын құру болып табылады. Біздің бизнес-клуб АХҚО юрисдикциясында бизнесті дамытуға ықпал ететін шешімдерді әзірлеу платформасы болады. Мұнда компаниялардың өсуі мен дамуы үшін жаңа шешімдер іздеу мақсатында маңызды реформалар мен бастамалар талқыланады. Бұл бастама әр түрлі сектор өкілдері арасында біртұтас орта құруға негіз қалайтынына сенімдімін», – деді іс-шара қонақтарын қарсы алған АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров. 

AIFC Business Club мүшелеріне тәжірибе алмасу және кәсіби өсу үшін нетворкинг пен бизнес мүмкіндіктер ұсынады. Клуб мүшелеріне іскерлік кездесулер, арнайы курстарды ұйымдастырылады. Сондай-ақ компания үшін стратегиялық маңызды шешімдер қабылдауға көмектесетін эксклюзивті аналитика мен есептер ұсынылады. 

Клуб мүшелері бизнес және заң мәселелері жөніндегі сарапшылық консультациялар беріледі.

Бизнес-клуб аясында бизнесті дамытуда бірегей тәжірибесі бар алғашқы спикерлер: банк және қаржы салаларында 15 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, DNA Payments Group-тың негізін қалаушы Ариф Бабаев, сондай-ақ кәсіпкер, «Додо Пицца» жылдам тамақтану мейрамханалар желісінің тең құрылтайшысы Андрей Петелин сөз сөйледі. Спикерлер сын-тегеуіріндерді жеңудің практикалық ұсыныстарымен және бизнестің ауқымын ұлғайту және өсіру стратегияларымен бөлісті.

АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров клубтың алғашқы мүшелеріне сертификаттарды табыс етті, олар: Тимур Турлов (Freedom Holding Corp директорлар кеңесінің төрағасы), Дәрмен Сәдуақасов (Dasco Consulting Group басқарушы серіктесі), Ариф Бабаев (DNA Payments Group негізін қалаушылардың бірі), Мұрат Көшенов (Halyk Bank CFO), Ержан Мусин (Fonte Capital CEO), Аслан Сұлтанов (WhiteHill Capital CEO), Мадина Момынқұлова (Flagman мектептерінің CEO), Нұркен Беркінбаев (Yildirim Holding Kazakhstan), Нұржан Марабаев (Semurg Invest СЕО) және Жанибек Байгабелов (CEO Kazakhmys Smelting).  

Айта кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) дәстүрлі «Astana Finance Days» (AFD) қаржы конференциясы өтуде.  AFD конференциясы 2018 жылдан бері қаржы саласының жетекші сарапшыларын, Еуразия өңірінің инвесторлары мен бизнес-көшбасшыларын біріктіретін басты платформа ретінде қызмет етіп келеді. Жыл сайын 70-тен астам елден 3000-нан астам адам осы маңызды оқиғаға қатысады, бұл оның Орталық Азияның қаржылық өміріндегі мән-маңызын айшықтайды. 

Анықтама: 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция.

Ұқсас материалдар