Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтау портына ЕҚДБ мен ЕО-дан 45 млн еуро бөлінеді

Ақтау портына ЕҚДБ мен ЕО-дан 45 млн еуро бөлінеді

Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) мен Еуропалық одақ (ЕО) Ақтау теңіз портының инфрақұрылымын жаңғыртуға 45 миллион еуроға дейін қаржы бөледі.

Бұл қаржыландырудың ішінде ЕҚДБ-дан 35 миллион еуро көлемінде несие және ЕО-дан 10 миллион еуроға дейінгі инвестициялық грант қарастырылған.

ЕҚДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаражат екі айлақты кеңейту мен жаңа тиеу-түсіру крандарын сатып алуға бағытталады. Бұл порттың контейнерлік аймағының өткізу қабілетін екі есеге арттырып, контейнер өңдеу уақытын 4 минуттан 2,5 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

2026 жылға қарай Ақтауда Каспий өңіріндегі ең ірі контейнерлік терминалды құру жоспарланып отыр. Жаңа терминал жылына 240 мың контейнерге дейін өңдеуге қауқарлы болады.

«Бұл жоба – ЕҚДБ-ның Қазақстан мен Орталық Азиядағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес келеді. Сонымен қатар, ЕО-ның жаһандық "Global Gateway" бастамасы аясындағы маңызды көлік-логистикалық инфрақұрылым жобаларының бірі. Біздің қаржыландыру Транскаспий дәлізіндегі инфрақұрылымдағы негізгі түйткілдерді шешуге көмектеседі»,  – деді ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо.

Ақтау порты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына қарайды және оны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басқарады. Порт Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТТКБ) негізгі бөлігі болып табылады. 2025 жылы осы бағыттағы контейнерлік тасымал көлемі 2024 жылмен салыстырғанда 121%-ға артты.

Ұқсас материалдар