Маңғыстау облысында құны 300 млн доллар болатын жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр.
Бұл туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді.
Жобаның стратегиялық серіктесі ретінде қытайлық «Чжонъюн Интернешнл» компаниялар тобы таңдалған. Әкімнің айтуынша, жаңа нысан «Қытай – Қазақстан – Ақтау – Баку – Поти – Еуропа» бағытындағы халықаралық көлік дәлізін дамытуға серпін береді.
Қилыбайдың сөзінше, порттың іске қосылуы жүк жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартып, көлік шығындарын 18-25% төмендетеді. Сонымен бірге жаңа жұмыс орындары ашылады.
Инвестор компания өңірде тіркеліп қойған, қазір инвестициялық келісімге қол қою үшін құжаттар дайындалып жатыр.





