Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар сотталды

Ақтөбеде «Harmony Rider Technology» қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сот үкімі шықты.

Істі Қаржы мониторингі агенттігі тергеді. Тергеу дерегінше, күдіктілер өзін электросамокаттарды жалға берумен айналысатын халықаралық компания ретінде таныстырған.

Шын мәнінде, салымшыларға төлемдер жаңа қатысушылардың қаражаты есебінен жүргізілген. Жобаға 115 адам тартылып, жалпы 197 млн теңгеден астам қаржы жиналған.

Сот үкімімен ұйымдастырушылар 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, сатып алынған үш автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Ұқсас материалдар