Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтті

«Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтті

7 ақпан күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Бейбарыс сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай театрда «Mamluk. Сұлтан Бейбарыс» қойылымының премьерасы өтті, деп хабарлайды 7kun.kz.

Спектакльде Дешті Қыпшақ даласынан шығып, құлдыққа түсіп, Мысыр мен Сирия елінде сұлтандық дірежеге жеткен Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы сипатталған. Көпшілік көңілінен шыққан қойылымның қоюшы режиссері – Фархад Молдағали, пластика режиссері – Шырын Мұстафина, хореографы – Әділет Таменов, композиторы – Серікжан Айтқалиев, костюм суретшісі – Алма Сырбаева, саунд-дизайнері –  Дидар Исахан. Басты рөлді актер Әсет Есжан, ұстазының рөлін Сағызбай Қарабалин, қартайған кезін актер Оңдасын Бесікбасов сомдады.

Қойылым алдында «Алатау» дәстүрлі өнер театры директорының орынбасары Ернат Ысқақ, спектакль режиссері Фархад Молдағали БАҚ өкілдерімен кездесіп, спектакль жайлы толық ақпаратпен бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Фархад Молдағалидің айтуынша алдағы уақытта саунддраманы Қазақстанның басқа да өңірлерінде қойып, тіпті Каирге де шығару жоспары бар. Екі күн қатарынан қойылған спектакль көпшілік көңілінен шыққан. Премьера күндеріне билеттердің бәрі сатылып кеткен.

Ұқсас материалдар