Alibaba.com мен алматылық Human Capital акселераторы Қазақстандағы цифрлық сауданы кеңейту және электрондық коммерцияны трансформациялау үшін бірігуде
Әлемдегі ең ірі B2B электрондық коммерция платформасы Alibaba.com мен алматылық Human Capital акселераторы Қазақстандағы цифрлық сауданың кеңеюін, электрондық коммерцияның трансформациясын және Қазақстан, Алматыдағы компаниялар үшін экспорттық бизнесті дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық серіктестік туралы хабарлады.
Бұл серіктестік туралы хабарлау Қазақстан астанасында өткен ОААЭС-тің -ші цифрлық сауда форумымен сәйкес келді. Форумды Азия даму банкі (АДБ) және Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық серіктестік бағдарламасының (ОААЭСБ) Хатшылығы ұйымдастырған, оған қытай делегациясының, оның ішінде Alibaba.com өкілдерінің қатысуы мен белсенді өзара іс-қимылы назар аударды.
«Біз Human Capital Accelerator-мен әріптестік орнатуға қуаныштымыз, осылайша Қазақстандағы кәсіпкерлер мен компаниялардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық нарықтарға шығуға көмектесеміз», - дейді Alibaba.com-ның жаһандық әріптестіктер жөніндегі басшылары Дэниел Чжоу мен Хуана Ли – «Бұл әріптестік ОААЭС аймағындағы ынтымақтастықты ілгерілету және біз күш салып отырған жергілікті компаниялардың әлеуетін ашу жөніндегі бағытымзға сәйкес келеді».
Осы серіктестік аясында Alibaba.com және Human Capital Accelerator Алматы әкімдігімен тығыз ынтымақтастық орнатып, қазақстандық кәсіпорындарға келесі бағытта қолдау көрсетеді:
- - Экспортқа бағытталған сауда және өндірістік компаниялар үшін Alibaba.com алаңдарына сапар ұйымдастыру;
- - Электронды коммерцияны трансформациялауға бағытталған Alibaba.com-ның «Сюньмэн» оқыту бағдарламасы бойынша серіктестік;
- - Алматыдағы бөлшек сауда кәсіпорындарына Alibaba.com ұйымдастыратын іс-шаралар мен түрлі бағыттағы алмасуларға қатысу және бизнес мүмкіндіктерге қол жеткізу жөнінде көмек көрсету.
«Біз Алматыдағы бөлшек сауда саласының халықаралық деңгейде дамуын және цифрлық трансформациясын қолдау үшін Alibaba.com-мен ынтымақтастық орнатқанымызға қуаныштымыз», - дейді Human Capital Accelerator-дың бас директоры Алия Марова – «Бұл стратегиялық ынтымақтастық біздің стратегиямызға және бөлшек сауданы цифрландыруды және трансшекаралық электронды коммерцияны дамытуды, кәсіпкерлердің мүмкіндіктерін ұлғайту және оларға цифрлық құралдар мен глобалдық ресурстарды пайдалану арқылы қарқынды өсе түсуге көмектесуді қолдау мақсатымызға сәйкес келеді. Біз Alibaba.com-мен бірге тығыз жұмыс істеп, қазақстандық компанияларға Азия және әлемдік нарықтарға еркін кіруді қамтамасыз ететін жол ашамыз».
Бұл ынтымақтастықты орнату ОААЭС -тің 2-ші цифрлық сауда форумындағы цифрлық сауданы дамыту тәжірибесінде аймақтық ынтымақтастықтың маңызды рөл алатынына баса назар аударуға негізделеді.
Бұл ынтымақтастық Alibaba.com және Human Capital Accelerator-дың Қазақстан кәсіпорындарының цифрлық сауда, электронды коммерция және экспорт саласындағы мүмкіндіктерін нығайту бойынша мүмкіндіктерін біріктіруді білдіреді, бұл өз кезегінде ОААЭС аймағындағы тұрақты экономикалық өсуге және ынтымақтастыққа ықпал етеді.