Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Алина Алдамберген KASE-нің Басқарма төрайымы қызметінен кетеді

Алина Алдамберген KASE-нің Басқарма төрайымы қызметінен кетеді
Қазақстан қор биржасы Директорлар кеңесінің шешімімен 31 наурыздан бастап Басқарма төрайымы Алина Алдамбергеннің өкілеттігі өз бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылады, деп хабарлады KASE-нің баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, Қазақстан қор биржасы  Директорлар кеңесінің шешімімен 31 наурыздан бастап 2026 жылғы 01 шілдеге дейінгі өкілеттік мерзімімен KASE-нің Басқарма төрағасы болып Әділ Мұхамеджанов сайланды. 

Әділ Мұхамеджанов 2021 жылдан бастап "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ Басқарма төрағасы болды, оған дейін ол KASE Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет етті, одан бұрын ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаментінде түрлі лауазымдарды атқарды.

Алина Алдамберген 2016 жылдың 9 ақпанынан бастап KASE Басқармасының төрайымы болып сайланған. 

"Алина Алдамбергеннің басшылығымен KASE жаңа ақпараттық жүйелерді, жаңа құралдарды және жаңа бизнесті енгізе отырып, түбегейлі жаңа даму деңгейіне көтерілді. Атап айтқанда, жаңа сауда-саттық жүйелеріне көшу жүзеге асырылды, KASE-де еліміздің қор нарығы тарихындағы ең ірі IPO-лар өткізілді. KASE нарықтарындағы биржалық айналым төрт еседен астам өсті. Алина Алдамбергеннің басшылығымен жасалған нарық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам алдымен KASE аясында клирингілік қызмет пен орталық контрагент қызметін енгізу, содан кейін осы қызметпен айналысатын жеке ұйымды бөліп шығару болды. А.Алдамберген – қор нарығының ең беделді сарапшыларының бірі. Қаржы нарығын дамытудағы елеулі еңбегі үшін "Құрмет" орденімен марапатталған. KASE Директорлар кеңесі, Басқармасы және қызметкерлері Алина Алдамбергенге қаржы нарығын және KASE қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтады", деп хабарлады KASE.

Ұқсас материалдар