Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

«Алматы – біздің ортақ үйіміз»: бояу алып, қоршауыңды боя

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» акциясы аясында Алматы қаласының әкімдігі «Өз қоршауыңды/орындығыңды/беседкаңды боя» іс-шарасын өткізетіні туралы хабарлайды. Акция үй маңындағы аумақтың эстетикалық мазмұны мен жеке тұрғын үйлердің қоршауын жақсартуға бағытталған.

Іс-шараға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушыларға қоршауды, қақпаны бояуға арналған бояулар мен еріткіштер беріледі. Ол үшін аудандық абаттандыру бөліміндегі жауапты тұлғаға жүгіну қажет. Лак-бояу материалы тегін беріледі. Ескеретін жайт: бір қолға 2 келіден аспайтын бояу беріледі.

Бояу материалын алу үшін төмендегі мекен-жай мен байланыс нөміріне хабарласуға болады:

АуданСақталу орны/беруЖауапты
 АлатауВеселов көш, 18 «А»Талғат +7 (708) 502 03 68
 АлмалыТөле би көш, 67Нұрдаулет +7 (775) 888 77 55
 ӘуезовМамыр - 1 ықш, 26/1Бауыржан +7 (707) 008 09 13
 БостандықТәжібаев көш, 155 «А»Лидия +7 (777) 684 99 44
 ЖетысуТихов көш, 87 «А»Нұрберген +7 (747) 772 74 78
 МедеуПушкин көш, 72Абылай +7 (778) 111 55 44
 НаурызбайБайсұлтанов көш., 1/2Оңалбек +7 (707) 300 03 55
 ТүрксібШолохов көш, 9Болат +7 (747) 139 93 60

Ұқсас материалдар