Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Apple Siri-ді жетілдіру үшін Google-дың жасанды интеллектін қолданбақ

Apple Siri-ді жетілдіру үшін Google-дың жасанды интеллектін қолданбақ

Apple компаниясы Google-мен жыл сайын шамамен 1 миллиард АҚШ долларын төлеуді көздейтін келісім жасауға жақын. Бұл туралы forbes.kz жазды. 

Бұл қаражат Google-дың Gemini атты жасанды интеллект моделін пайдалану үшін төленбек. Аталған технология Siri дауыстық көмекшісін жаңғыртуға бағытталған, деп хабарлайды Bloomberg.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Gemini моделі Siri-дегі ақпаратты қорыту және тапсырмаларды жоспарлау секілді негізгі функцияларға жауап береді. Бұл жүйе көмекшіге ақпаратты талдап, күрделі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.

Келісім аясында Gemini Siri-де екі бағытта қолданылады:

  • қорытынды жасау құралы ретінде (хабарландырулар, веб-беттер, мәтіндер бойынша қысқаша шолулар жасау үшін);

  • жоспарлау жүйесі ретінде (пайдаланушының командаларын тиімді орындау жолын анықтау үшін).

Дегенмен, кейбір функциялар Apple-дың өз ішкі ИИ-модельдері негізінде жұмыс істей береді.

Компания Google моделін уақытша шешім ретінде қолдануды жоспарлап отыр. Бұл кезеңде Apple өзінің 1 триллион параметрі бар жаңа бұлттық жасанды интеллект моделін әзірлеп жатыр. Жаңа жүйе 2026 жылы тұтынушыларға арналған қосымшаларда іске қосылмақ.

Бұған дейін Apple бірнеше сыртқы жасанды интеллект платформасын – Google-дың Gemini, OpenAI-дың ChatGPT және Anthropic компаниясының Claude жүйелерін сынақтан өткізген. 2025 жылдың басында жүргізілген тест нәтижесінде компания Gemini моделін таңдаған.

Ұқсас материалдар