Қазақстан өңірдегі негізгі астық жеткізушілерінің бірі ретіндегі позициясын сақтап, экспорттық әлеуетін күшейтіп келеді.
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. «Қазақстан темір жолы» ҰК» деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін елден 5,8 млн тонна астық экспортталған. Бұл өткен маркетингтік жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн тоннаға көп (4,8 млн тонна).
Экспорт көлемінің негізгі өсімі Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне тиесілі. Атап айтқанда, Өзбекстанға астық жеткізу 49%-ға артып, 1,8 млн тоннадан 2,7 млн тоннаға жетті.
Қырғызстанға экспорт көлемі 1,7 есеге өсіп, 95 мың тоннадан 163 мың тоннаға дейін ұлғайды. Ал Ауғанстанға жөнелтілген астық көлемі 1,9 есеге артып, 216 мың тоннадан 416 мың тоннаға жеткен.





