Болжам бойынша, бұл көрсеткіш 2027 жылы 4,5%-ға жоғарыламақ. Мұндай жорамалдар АДБ-ның Азия дамуына байланысты шолуында қамтылды.
Банк былтырға қатысты мәліметті де жариялады. 2025 жылы еліміздің ЖІӨ-і 6,5%-ға өсіп, ал инфляция 11,4% деңгейінде болған.
– Қатаң ақша-несие саясатының сақталуы, салық қысымының әлсіреуі инфляцияның тұрақталуына оң әсерін тигізеді. Жорамал бойынша, инфляция 2025 жылғы 11,4%-дан 2026 жылы 10,4%-ға, ал 2027 жылы 9,5%-ға дейін біртіндеп төмендейді, – деп жазылған шолуда.
Сондай-ақ, бюджет тапшылығы көрсеткіші азаяды деп болжанады. Оған салық реформасы оң ықпал етпек. Мөлшерлеменің өсуі нәтижесінде ҚҚС түсімдері де артады. Соның арқасында 2026 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 2,7%-ынан 2,5%-ына дейін қысқаруы мүмкін. Жорамал бойынша, бюджеттің мұнай саласынан тыс тапшылығы да ЖІӨ-нің 7,1%-ынан 4,9%-ына дейін төмендейді. Бұған Ұлттық қордан берілетін трансферттер көлемінің азаюы әсер етеді.





