Банктің жалғыз акционері Катарда ағымдағы жылдың 9 қаңтарында осындай қабылданған. Қысқартылған атауы - Bereke Bank (Lesha Bank LLC (Public) ЕБ).
Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылғы 8 қазанда «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Bereke Bank» АҚ 100% акциясын «Qatar Lesha Bank» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сату туралы мәмілені аяқтады. 2024 жылдың желтоқсан айының ортасында Qatar Islamic Bank Басқарма мүшесі Насер Абдулла Bereke Bank директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Ал Мағжан Мәдиев пен Мақсат Нұриденұлы банктің директорлар кеңесінен мерзімінен бұрын шығып, Насер Абдулла С М әл-Шариф, Дэвид Марк Браун (тәуелсіз директор) және Качмарек Пётр Януш (тәуелсіз директор) кірді. Банктің басқарма төрағасы Андрей Тимченко Директорлар кеңесіндегі орнын сақтап қалды.
Еске салайық, Сбербанктің Қазақстандағы еншілес ұйымы 2022 жылдың наурызында АҚШ-тың санкциясына ұшырады. 2022 жылдың қыркүйегінде Ресей Сбербанкі қаржы институтын «Бәйтерек» ұлттық холдингіне сатты. Мәміледен кейін қаржы институты атауын «Bereke Bank» деп өзгертті. 2023 жылдың 8 наурызында банк санкциялар тізімінен шығарылды.
Қазіргі кезде Bereke Bank Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында активтерінің көлемі бойынша 9-шы орында. 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша банк активтері 2,35 трлн теңгені құрады.