Жалпы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында 138 төлем ұйымы тіркелген. Олардың сервистері арқылы жүзеге асырылған айналымдар 3,8 трлн теңгені құрады. Бұл ретте операциялардың көлемі жағынан клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет желісінің көмегімен жасаған операцияларында ең үлкен өсім байқалды. Олар арқылы 2 595 млрд теңгеге 291 млн операция жүргізілген.
Қолма-қол ақша бойынша төлем ұйымдары 804 млрд теңгеге 71 млн операция жүргізген.