Редакция: +7 (777) 242 5522
Бізге жазылыңыз:

Биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Биыл 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәліметінше, өткен жылы елде 20,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспарланған 19,2 млн шаршы метр көрсеткіш асыра орындалды.

Бұл көлем 18 өңірде жоспардан жоғары нәтиже көрсеткен. Биыл Қазақстанда шамамен 18,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Қосымша шаралар қабылданса, бұл көрсеткішті ұлғайту мүмкіндігі бар. Ең жоғары құрылыс көлемі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында күтіледі.

Министрдің айтуынша, саланы дамыту үшін құрылысты қаржыландыру, дайын пәтерлерді сатып алу, инженерлік инфрақұрылымды жетілдіру және қолжетімді ипотекалық бағдарламаларды кеңейту сияқты мемлекеттік қолдау шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Ұқсас материалдар